Цифрлы медиа білім беру форматтарын талқылау

  • Цифрлы медиа білім беру форматтарын талқылау
  • Цифрлы медиа білім беру форматтарын талқылау
  • Цифрлы медиа білім беру форматтарын талқылау
  • Цифрлы медиа білім беру форматтарын талқылау
  • Цифрлы медиа білім беру форматтарын талқылау
Ағымдағы жылдың 4 сәуірі  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кітапханасында  Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына арналған «Тексерілген шынайы ақпаратты пайдалану негізінде виртуалды білім беру деңгейін арттыру» атты V Халықаралық журналистика форумы өтті.                                                                                                                                                                 Ұйымдастыру комитеті ҚР Президентінің Халқына жолдауында аталған ЖЕТІНШІ: Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту бағытын  қолдайды.
Ғылыми жиында Нидерланды, Словакия, Түркия, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан ғалымдары виртуалды оқыту мен цифрлы білім берудің шекаралары мен форматтарын талқылады.
Спикерлер қатарында Словакия Ғылым академиясының болжау институты профессоры Владимир Бачишин, ТРТ «Түркия үні» радиосы, қазақ редакциясының редактор-жүргізушісі Уфук Тузман, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің профессоры Якутхон Мухаммеджановна Маматова, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессорлары Гавра Дмитрий Петрович, Быков Илья Анатольевич, РУДН университеті, журналистика теориясы мен тарихы кафедрасының доценті Матвиенко Валентин Викторович, Медиа дамыту корпоративтік қоры Медиа жобалар бөлімінің жетекшісі Құламан Бибігүл Бөкенбайқызы, «Elorda-Aqparat» медиахолдингі директорының орынбасары Канат Әуесбай Ж.Баласағын атындағы Қырғыз Ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы Костюк Ширин Аалиевна т.б. ғалымдар, практиктер ғылыми баяндама жасады.
Ғылыми шараның бас серіктесі  COMENIUS ANALYTICA аналитикалық орталығы қолдауымен журналистика форумының материалдар жинағы Словакияның IRIS Publishing and printing баспа үйінде жарияланады.
Спикерлердің ұлттық коммуникация арналарының интеграциясы, шындыққа негізделген ақпаратты оқу процесіне енгізу туралы тұжырымдары алдағы уақытта академиялық ынтымақтастыққа жол ашады деп сенеміз.

Другие новости

13.12.2021
Түркияның мемлекеттік телерадиокомпаниясынан тренингтер аптасы
«Медиа дамыту қоры» Корпоративтік қоры отандық журналистерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыруда.
Толығырақ
07.12.2021
MDQ телеарналарға арнап тренингтер өткізді
«Медиа Дамыту Қоры» Корпоративтік қоры қазақстандық журналистер үшін отандық және шетелдік беделді медиаэксперттерді шақырып, оқыту курстарының жаңа циклін ұйымдастырды.
Толығырақ
06.12.2021
21-29 жас аралығындағы жас журналистер арасында «Generation Zерттеу» үздік зерттеу жобасы бойынша республикалық конкурс
«Almaty Nomad «Саяхатшылар клубы» ҚБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және «Медиа дамыту қоры» КҚ қолдауымен 21-29 жас аралығындағы жас журналистер арасында «Generation Zерттеу» үздік зерттеу жобасы бойынша республикалық конкурс өткізеді.
Толығырақ