Түркияның мемлекеттік телерадиокомпаниясынан тренингтер аптасы

  • Түркияның мемлекеттік телерадиокомпаниясынан тренингтер аптасы

Түркияның мемлекеттік телерадиокомпаниясынан тренингтер аптасы

«Медиа дамыту қоры» Корпоративтік қоры отандық журналистерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыруда. Осы бағыт аясында 6 желтоқсанда ҚР АҚДМ қолдауымен «Репортерлық кәсіптің трансформациясы: телевизиядағы репортаждардан цифрлық репортаждарға дейін» атты бес күндік оқу курсы басталды.

Аталған курс аясында Түркия мемлекеттік телерадиокомпаниясының (Türkiye Radyo Televizyon Kurumu) 5 маманы отандық тележурналистерге 7 тақырыптық бағытта онлайн тренинг өткізді:

- «Сұхбат техникалары»;

- «Жаңа медиа»;

- «Халықаралық журналистика»;

- «Жаңалықтар репортаждарын дайындау ережелері»;

- «Қақтығыс аймақтарынан репортаж жүргізу»;

- «Гуманитарлық дағдарыс аймақтарындағы журналистика»;

- «Ақпарат көзі ретінде YouTube, Instagram және Twitter қолдану».

Оқыту курсын TRT Haber-дың цифрлық хабар тарату бөлімінің редакторы Огюн Оджек (Ogün Öcek) бастап, қазақстандық әріптестеріне телерадиокомпанияның жаңа медиада қолданатын заманауи тәсілдері туралы айтып берді.

Одан әрі TRT Haber арнасының әскери аймақтар мен арнайы жаңалықтар бөлімінің редакторы Элиф Аккуш (Elif Akkuş) дағдарыс аймақтары мен соғыс қимылдары аймақтарындағы көп жылғы тәжірибесімен бөлісті.

TRT News Channel арнасының редакторы Абдулла Колтук (Abdullah Koltuk) сұхбат алудың заманауи әдістері, сондай-ақ компанияның репортаждарды дайындау кезінде қолданатын негізгі ережелері туралы айтты.

Өз кезегінде TRT цифрлық хабар тарату бөлімінің басшысы Бертуу Улукан (Bertug Ulukan) Youtube, Instagram және Twitter-ді ақпарат тарату платформасы ретінде пайдаланудағы лайфхактармен бөлісті.

Тренинг апталығының қорытындысы ретінде TRT Haber редакторы және продюсер Мехмет Айфер Канджи (Mehmet Ayfer Kancı) компанияның халықаралық желісі, сондай-ақ шетелдегі кеңселердегі жұмыс принциптері туралы айтты.

Осылайша, «Медиа Дамыту Қоры» Корпоративтік қоры тек Қазақстандық кәсіпқойлармен шектелмей, сондай-ақ шетелдік медиасала мамандарын тарта отырып, оқыту тренингтерінің кезекті циклін сәтті аяқтады.



Другие новости

04.04.2022
Цифрлы медиа білім беру форматтарын талқылау
Ағымдағы жылдың 4 сәуірі  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кітапханасында  Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына арналған «Тексерілген шынайы ақпаратты пайдалану негізінде виртуалды білім беру деңгейін арттыру» атты V Халықаралық журналистика форумы өтті.                                                                                                                                                                
Толығырақ
07.12.2021
MDQ телеарналарға арнап тренингтер өткізді
«Медиа Дамыту Қоры» Корпоративтік қоры қазақстандық журналистер үшін отандық және шетелдік беделді медиаэксперттерді шақырып, оқыту курстарының жаңа циклін ұйымдастырды.
Толығырақ
06.12.2021
21-29 жас аралығындағы жас журналистер арасында «Generation Zерттеу» үздік зерттеу жобасы бойынша республикалық конкурс
«Almaty Nomad «Саяхатшылар клубы» ҚБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және «Медиа дамыту қоры» КҚ қолдауымен 21-29 жас аралығындағы жас журналистер арасында «Generation Zерттеу» үздік зерттеу жобасы бойынша республикалық конкурс өткізеді.
Толығырақ