Үміткердің өтінімін конкурстық комиссия сегіз критерий бойынша 10 балдық шкаламен қарап, бағалайды. Бірінші кезеңде конкурстық комиссия әлеуметтік мәселенің өзектілігі мен жобаның маңыздылығын, саланың әлеуметтік маңыздылығын және көтерілетін мәселелердің өзектілігін, сондай-ақ таңдалған мақсатты аудиторияның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығын бағалайды. Екінші кезеңде жобаның үйлесімділігі, толықтығы мен қамтылуы, жобаның жаңалығы мен бірегейлігі, жобаның іске асырылуы мен перспективалары, бюджеттің шынайылығы мен негізділігі, сондай-ақ жобалардың және/немесе медиа өнімдердің сапасы ескеріледі. Конкурстық комиссияның екі кезеңді қарау қорытындысы бойынша балдар қосылып, Қор бөлген қаражаттың жалпы көлемі аясында гранттар ең көп балл жинаған қатысушыларға бөлінеді.