Жаңалықтар

«Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры жаңа идеяңызға 7 млн теңгеге дейін грант береді: әлеуметтік желілердегі контент авторларына арналған гранттар

25 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры әлеуметтік желілердегі контент авторларына арналған гранттық бағдарламаның басталғаны туралы хабарлады.

Аталмыш конкурстың негізгі міндеті - Instagram, TikTok парақшаларында немесе Youtube арнасында бірегей контент жасап жүрген авторларды қолдау. Грант көлемі грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 3 000 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейін.

Грант алуға 14 жастан асқан (олардың мүдделерін ата-аналары білдіреді) Instagram, TikTok әлеуметтік желілерінің бірінде немесе YouTube арнасы бар, аудиториясы келесі параметрлерге сәйкес келетін кез келген Қазақстан азаматы өтініш бере алады:

  • Instagram парақшасында оқырман саны – 5 000-нан 100 000-ға дейін;
  • TikTok парақшасында оқырман саны – 5 000-нан 100 000-ға дейін;
  • YouTube-арнасына оқырман саны – 5 000-нан 50 000-ға дейін.

Конкурстың тақырыптық бағыттары мен критерийлері туралы ақпараттарды mdq.kz сайтынан алуға болады.

Байқау екі кезеңнен тұрады: өтінім қабылдау және жобаны комиссия алдында қорғау.

Жасалған медиа өнім грант алушының жеке және өзі басқаратын Instagram, TikTok аккаунттарында және/немесе Youtube арнасында мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде орналастырылуы тиіс.

Гранттық бағдарламаның іріктеуіне қатысуға өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 25 маусым мен 24 шілде аралығында https://mdq.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.



Конкурстың шарттарын мына сілтемелер арқылы білуге болады:
www.mdq.kz,
e-mail: grants.mdq@gmail.com,
Instagram: @media.damytu.qory,
+7 775 8073893