Жаңалықтар

EURONEWS АКАДЕМИЯСЫНА өтінімдерді қабылдау басталды

EURONEWS АКАДЕМИЯСЫНА өтінімдерді қабылдау басталды

Қазақстанның жетекші университеттері, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры және Euronews Академиясы арасындағы жасалған меморандум аясында Астана қаласында болашақ журналистерге арналған білім беру бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталғандығын хабарлаймыз.

2025 жылы Академия «Цифрлық журналистика» және «Теле-журналистика» курстарына қабылдау жүргізеді. Бағдарлама бакалавриат пен магистратураның «Журналистика» және «Медиатехнологиялар» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған. Оқыту ақысыз өткізіледі.

Euronews Академиясы – журналистика және медиа саласындағы кәсіби дағдыларды арттыруға бағытталған арнайы бағдарлама. Қатысушылар халықаралық деңгейдегі сарапшылардан тәжірибелік білім алып, цифрлық және телевизиялық журналистиканың заманауи әдістерін меңгереді.

Неліктен курсқа қатысу керек?

- Euronews жетекші сарапшыларынан білім алу.

- Цифрлық және теле-журналистика саласындағы практикалық дағдылар.

- Заманауи медиа құралдарын терең зерттеу.

- Халықаралық деңгейдегі медиа мамандарымен байланыс орнату мүмкіндігі.

Қатысу шарттары туралы ақпарат мына мына жерде және www.euronews.com/academy сайтында.

Өтінім қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 21 наурызына дейін.

Оқу мерзімі: 2025 жылдың 31 наурызы – 19 мамыры

Қосымша ақпарат және өтінім беру: academy.kaz@euronews.com, +7 707 392 98 21

Халықаралық медиа қауымдастығының бір бөлігі болуға асығыңыз!