Жаңалықтар

Студенттерге арналған Euronews Академиясының курсы басталды.

Бүгін, 2025 жылғы 31 наурызда, Астанада Euronews Академиясының білім беру бағдарламасы аясында «ТВ-журналистика» курсының бірінші күні өтті. Бағдарламаға еліміздің жетекші университеттерінің 20-дан астам студенттері қатысуда.

Алғашқы оқу дәрісін Боян Бркич - Euronews-тің Астанадағы Бюро жетекшісі өткізді. Шетелдік бірнеше медиа ұйымдарды басқарған тәжірибелі маман қатысушыларға телевизиялық жаңалықтар дайындау тақырыбында өз біліктілігімен бөлісті. Осы курс аясында өзге де шетелдік мамандардың бағдарламалары көзделген.

Сондай-ақ, «ТВ-журналистика» курсынан бөлек «Цифрлық журналистика» курсы қарастырылған.

Оқу процесін игерген студенттерге Euronews Академиясының сертификаттары табысталады. Бұл – жас журналистер үшін елден шықпай-ақ халықаралық тәжірибе алуға және Еуропаның жетекші жаңалықтар арнасы сарапшыларынан білім алуға таптырмас мүмкіндік.