Журналистер мен блогерлерді оқытуға арналған медиатренерлер үшін гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Құжаттар 2024 жылдың 16 мамырынан бастап 30 маусымына дейін қабылданды. Еліміздің медиатренерлерінен 63 өтінім келіп түсті.
Қатысушылар өтінімдерді үш бағыт бойынша жіберді: аналитикалық журналистика; медиаэтика; ақпаратты толық зерттеу және сыни көзқараспен ұсыну. Үміткерлердің құжаттарын конкурстық комиссияның қарауына жіберілетін болады. Комиссия құрамына жетекші тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік сектор өкілдері және медиа саласының білікті мамандары кірді.
Жеңімпаздарды анықтауға конкурстық комиссияның отырысы 10 шілдеде өтеді. Гранталушылардың есімдері мен байқау нәтижелері қордың ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
«Медиа дамыту қоры» КҚ екі өзекті грантқа байқау жарияланғанын еске салады: өңірлік шағын БАҚ (өтінімдерді қабылдау 15 шілдеге дейін) және блогерлерге арналған гранттар (өтінімдерді қабылдау 24 шілдеге дейін).