Жаңалықтар

7 млн теңгеге дейінгі гранттарды өңірлік медиа ала алады

25 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Медиа дамыту коры» корпоративтік қоры өңірлік шағын бұқаралық ақпарат құралдарын акселерациялау үшін гранттарға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлады.

Акселерацияның негізгі міндеті – өңірлердегі шағын бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау, сонымен қатар контент сапасын және аудиторияны арттыру.

Шағын медиы - шағын аудиторияны қамтитын, яғни тек бір қала, бір ауыл немесе облысқа ғана өзекті медиа ресурс (ақпараттық портал, газет, юутуб-канал және т.б.). Гранттың құны 3 000 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейін. Бұқаралық ақпарат ресурсы төмендегі үш санаттың біріне қатысты болуы керек:

- әлеуметтік маңызы бар жоба – бұл қоғам үшін өзекті, маңызды мәселе көтерілетін және оның шешу жолдары ұсынылатын жоба;

- салалық медиа жоба – мұнда нақты бір сала бойынша тақырыптар көтеріледі, бұл денсаулық сақтау, экология, ауыл шаруашылығы саласы және т. б. салалар болуы мүмкін;

- жаңа мақсатты аудиторияға шығуға арналған медиа жоба, мәселен балаларға, спортшыларға, музыканттарға және т.б. арналған контент болуы мүмкін.

Гранттар сапалы журналистиканы қолдауға және елдегі ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, гранттық бағдарламалар журналистерге саланы дамытудың жаңа тәсілдерін аша отырып, өз идеялары мен жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Грант алу конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 25 маусымнан бастап 15 шілдеге дейін https://mdq.kz сайтында жүзеге асырылатын болады.

Конкурстың шарттарын мына сілтемелер арқылы білуге болады:
www.mdq.kz,
e-mail: grants.mdq@gmail.com,
Instagram: @media.damytu.qory,
+7 775 8073893