Жаңалықтар

EURONEWS АКАДЕМИЯСЫ журналистерге арналған курсына өтінімдерді қабылдау басталды

EURONEWS АКАДЕМИЯСЫ журналистерге арналған курсына өтінімдерді қабылдау басталды

«Медиа дамыту қоры» КҚ мен Euronews Aкадемиясы «Салалық журналистика» курсы бойынша медиа мамандарды оқытуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.

Euronews Aкадемиясы – журналистика мен медиа саласындағы кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы бағдарлама. Оқыту барысында қатысушылар салалық журналистика мен бизнес-журналистиканың негізгі тұстарын меңгереді. Журналистерге оқу тегін.

Халықаралық деңгейдегі сарапшы мамандар өз тәжірибесімен бөлісіп, практикалық жаттығулар өткізеді. Бұл қатысушыларға әлемдік медиа мамандарымен тікелей байланыс орнатып, құнды білім алуға таптырмас мүмкіндік.

Кімдер қатыса алады?
Медиада 2 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, ағылшын тілі деңгейі B2-ден төмен емес журналистер қатыса алады. Кәсіби дамуға ынтасы мен медиа саласында терең білім бар, расталған жарияланымдар немесе жобалар болған үміткерлерге басымдылық беріледі.

Қалай қатысуға болады?
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 30 сәуір мен 18 мамыр аралығында
Оқыту мерзімі: 2025 жылғы 10-14 маусым.

Қатысу шарттары туралы ақпарат мына жерде.
Қосымша ақпарат және өтінім беру:
academy.kaz@euronews.com, +7 707 392 98 21

Халықаралық медиа қауымдастығының бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!