MDQ телеарналарға арнап тренингтер өткізді

  • MDQ телеарналарға арнап тренингтер өткізді

«Медиа Дамыту Қоры» Корпоративтік қоры қазақстандық журналистер үшін отандық және шетелдік беделді медиаэксперттерді шақырып, оқыту курстарының жаңа циклін ұйымдастырды. Бұл жолы тренингке «Qazaqstan», «Хабар», «Хабар 24», «Kazakh TV» және «Ел арна» телеарналарының қызметкерлері қатысты.

Цикл авторы «Қазақстандағы фактчек» жобасының бас редакторы Павел Банников болып табылатын «Фактчек негіздері: ашық деректерді жинау және тексеру» тақырыбындағы жеті күндік онлайн курстан басталды. Бұл курс қазақстандық журналистердің құзыреттілігін арттырып, ақпаратты іздеу мен тексерудің жаңа дағдыларын меңгеруге септігін тигізеді.

Келесі тақырып өзектілігі жағынан кем түспейді: «Digital-продюсерлік: digital-ортада медиаөніммен тиімді жұмыс ұйымдастыру жолдары» — беделді digital-мамандар, Ресейдің «Экономика Жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің оқытушылары Дмитрий Бескромный және Вадим Славгородский өткізген үш күндік курста қарастырылды. Оқыту барысында тренерлер журналистерге сұранысқа ие медиаөнімдерді жасау және оларды желіде ілгері жылжыту бойынша өзекті ақпарат пен құралдармен қамтамасыз етті.

Әскери журналист Александр Сладков «Төтенше жағдайдағы репортер жұмысы» атты үш күндік онлайн курсында қазақстандық әріптестерімен төтенше жағдайларда, ыстық нүктелерде жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті және қауіпті аймақтардан хабарлау кезіндегі жеке қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды.

Дизайн және телевизиялық графика мамандары үшін ресейлік моушн-дизайнер Илья Самохвалов мамандықтың негізгі лайфхактарымен «Сила света» жобаларының мысалында супервайзингке кіріспе» тақырыбындағы оффлайн тренингінде бөлісті.

Сонымен қатар, желтоқсан айының бірінші онкүндігінде телеарна журналистеріне арналған тренингтер сериясы аясында Түркия телерадиокорпорациясы кәсіпқойларының вебинарлар топтамасы өтеді деп күтілуде.



Другие новости

18.05.2022
Запуск показателей развития средств информации в Казахстане
18 мая 2022 года ЮНЕСКО Алматы и Казахский фонд развития СМИ - "Медиа Дамыту қоры" (MDQ) организуют второй тренинг для исследователей ПРСИ. Заседание многостороннего консультативного совета (МКС) переносится на 23 мая 2022 года для утверждения состава МКС и запуска Индикаторов развития СМИ в Казахстане.
Подробнее
04.04.2022
Обсуждение форматов цифрового медиаобразования
4 апреля текущего года в Научной библиотеке КазНУ им. аль-Фараби состоялся V Центральноазитаский форум журналистики «Усовершенствование уровня виртуального образования на основе проверенной фактической информации», посвященный 30-летию вступления Казахстана в ООН.
Подробнее
13.12.2021
Неделя тренингов от Турецкой государственной телерадиокомпании

Корпоративный Фонд «Медиа дамыту қоры» продолжает работу по обучению и повышению квалификации отечественных журналистов.

Подробнее