«Медиа Дамыту Коры» Корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ҚР Министрліктерінің, сондай-ақ министрліктердің ішіндегі комитеттер мен өзге құрылымдық бөлімдердің баспасөз қызметтерінің өкілдеріне арналған вебинар форматында модульдік онлайн-оқыту курстарын өткізуде.

          Модульдік оқытудың мақсаты – халықаралық нарықтағы коммуникация және PR саласындағы тенденцияларды ескере отырып, баспасөз қызметі өкілдерінің біліктілігін арттыру. Вебинар бағдарламасы 4 күнге есептелген, ағымдағы жылдың 8 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында 17 министрліктің қызметкерлері апта сайын мемлекеттік және орыс тілдеріндебілім алады.