Әкімдіктердің баспасөз қызметтеріне арналған вебинарлар

  • Әкімдіктердің баспасөз қызметтеріне арналған вебинарлар
Өткен аптада жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметі өкілдеріне арналған оқыту вебинарлар циклі аяқталды.

Оқытуды жүргізу үшін қазақстандық медиа саланың үздік деген тренерлері шақырылды.

Осылайша, Жанасыл Болатбек пен Алия Кадырова сапалы контентті қалай жасау және оны оқиғалар мен мысалдар арқылы қалың көпшілікке қалай жеткізу керектігі жайлы баяндады.

Салтанат Әскербекқызы мен Айнур Ашимова аудиториямен белгілі бір ұйымда және одан тыс жерлерде ақпаратты дұрыс пайдалану және онымен алмасу лайфхактарымен бөлісті.

Әлеуметтік желілердегі мемлекеттік органдар жұмысында қолданылатын ең тиімді құралдар мен кейстер туралы вебинар қатысушыларына Наргиз Батыршаева мен Жанасыл Болатбек айтып берді.

Сондай-ақ, Салтанат Әсербекқызы мен Елена Пак аудиториямен әртүрлі байланыс арналарын қолдана отырып, месседждерді қалай тиімді түрде насихаттауды талқылады.

Аталған вебинар цикліне әкімдіктердің 58 қызметкері қатысты. Оқыту нәтижесінде барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Другие новости

09.10.2023
«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

22 қыркүйек Астанада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Сыйлық алуға 450-ден астам өтінім келіп түсті. Материалдар 12 номинация бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Толығырақ
09.08.2023
«URKER» - 2023 Ұлттық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER» — 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды.
Толығырақ
04.07.2023
«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздар жарияланды
«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл «Тұмар» Ұлттық бәйгесіне -7 жыл.
Толығырақ