Журналистерді даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын талқыладық

  • Журналистерді даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын талқыладық

Бүгін, 26 тамыз күні «Медиа дамыту қоры» Корпоративтік қорының бастамасымен «Журналистика» мамандығы бойынша оқытатын қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын талқылау үшін отандық БАҚ -тың беделді өкілдерімен сараптамалық кездесу өтті.

Сарапшы ретінде «Qazaqstan» телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов, «Хабар» телеарнасының бағдарламалар шығару бөлімінің бас редакторы Галина Алкешова және «Túrkistan» газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай шақырылды.

«Медиа дамыту қоры» Корпоративтік қорынан талқылауға бас директордың кеңесшісі Жайнагүл Төлемісова және event-менеджмент бөлімінің басшысы Бибігүл Құламан қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар журналистика факультеттері мен кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамының кадрлық қамсыздандыру, білім беру бағдарламалары мен оқу бағдарламаларының мазмұны, сондай -ақ журналистикалық білім мен қазіргі медиа нарықтың байланысы тақырыптарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылардың нақты тұжырындамалары мен ұсыныстары бар аналитикалық жазбаны дайындау жоспарлануда. Құжат Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі деп жоспарлануда, онда ол болашақ журналистерге арналған білім беру бағдарламаларын қалыптастыруда қолданылады.



Другие новости

04.04.2022
Цифрлы медиа білім беру форматтарын талқылау
Ағымдағы жылдың 4 сәуірі  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кітапханасында  Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына арналған «Тексерілген шынайы ақпаратты пайдалану негізінде виртуалды білім беру деңгейін арттыру» атты V Халықаралық журналистика форумы өтті.                                                                                                                                                                
Толығырақ
13.12.2021
Түркияның мемлекеттік телерадиокомпаниясынан тренингтер аптасы
«Медиа дамыту қоры» Корпоративтік қоры отандық журналистерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыруда.
Толығырақ
07.12.2021
MDQ телеарналарға арнап тренингтер өткізді
«Медиа Дамыту Қоры» Корпоративтік қоры қазақстандық журналистер үшін отандық және шетелдік беделді медиаэксперттерді шақырып, оқыту курстарының жаңа циклін ұйымдастырды.
Толығырақ