«Жігер-2021» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

  • «Жігер-2021» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Елордада танымал қазақстандық журналист, тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» — 2021 сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Іс — шара «Astana Media week-2021» аясында өткізілді.

Марапаттар Бейсен Құранбектің журналистік қызметтегі принциптерін барынша толық көрсететін жұмыстардың авторларына табыс етілді.

«Жігер» байқауының «Әлеуметтік тақырыптағы үздік бағдарлама» номинациясы бойынша жеңімпаздары:

І орын — Сәния Байтарова, «Жетісу» телеарнасының редакторы («Арнайы хабар» «Меруерттің мұңы» шығарылымы);

ІІ орын — Ерлан МҰҚАНОВ, «Ақтөбе» телеарнасының редакторы («Жігер» бағдарламасы);

ІІІ орын — Индира Бектенова, «Қазспорт» телеарнасының бас редакторы («Әлемді мойындатқан Шардара» бағдарламасы).

Байқау жеңімпаздары диплом, «Жігер» естелік мүсіншесінің және қаржылай сыйақы иегерлері атанды:

I орын иегері - 1 000 000 теңге;

II орын — 500 000 теңге;

III орын үшін — 300 000 теңге.

Жеңімпаздар есімі медиасала кәсіби мамандарынан, қоғам қайраткерлері мен Бейсен Құранбектің серіктестерінен құралған қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды.

Қазылар алқасының құрамында журналист, публицист Қайнар Олжай, танымал журналист Арман Сқабылұлы, «Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы Андрей Тараков, журналист, «Қарекет» бағдарламасының продюсері Әлия Құдайберген, журналист, «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Сарыбай болды.

«Жігер» сыйлығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен «Медиа Дамыту қоры» Корпоративтік қорымен ынтымақтастықта өткізілді. Іс-шара демеушіcі «Қазақстан РТРК» АҚ.

Байқаудың негізгі мақсаты — талантты журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Бейсен Құранбектің есімін ел жадында өшірмеу, мұрасын сақтап қалу. Белді журналист қазақстандық телевизияның дамуына үлкен үлес қосып, еңбексүйгіштігі мен кәсібіне қалтқысыз қызмет етуінің арқасында әріптестері мен телекөрермендер арасында сүйіспеншілікті жаулап алды.

photo_2021-09-27_09-28-03 (3).jpg

photo_2021-09-27_09-28-03 (2).jpg

photo_2021-09-27_09-28-03.jpg

Другие новости

09.10.2023
«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

22 қыркүйек Астанада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Сыйлық алуға 450-ден астам өтінім келіп түсті. Материалдар 12 номинация бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Толығырақ
09.08.2023
«URKER» - 2023 Ұлттық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER» — 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды.
Толығырақ
04.07.2023
«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздар жарияланды
«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл «Тұмар» Ұлттық бәйгесіне -7 жыл.
Толығырақ