Түркияның мемлекеттік телерадиокомпаниясынан тренингтер аптасы

  • Түркияның мемлекеттік телерадиокомпаниясынан тренингтер аптасы

Түркияның мемлекеттік телерадиокомпаниясынан тренингтер аптасы

«Медиа дамыту қоры» Корпоративтік қоры отандық журналистерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыруда. Осы бағыт аясында 6 желтоқсанда ҚР АҚДМ қолдауымен «Репортерлық кәсіптің трансформациясы: телевизиядағы репортаждардан цифрлық репортаждарға дейін» атты бес күндік оқу курсы басталды.

Аталған курс аясында Түркия мемлекеттік телерадиокомпаниясының (Türkiye Radyo Televizyon Kurumu) 5 маманы отандық тележурналистерге 7 тақырыптық бағытта онлайн тренинг өткізді:

- «Сұхбат техникалары»;

- «Жаңа медиа»;

- «Халықаралық журналистика»;

- «Жаңалықтар репортаждарын дайындау ережелері»;

- «Қақтығыс аймақтарынан репортаж жүргізу»;

- «Гуманитарлық дағдарыс аймақтарындағы журналистика»;

- «Ақпарат көзі ретінде YouTube, Instagram және Twitter қолдану».

Оқыту курсын TRT Haber-дың цифрлық хабар тарату бөлімінің редакторы Огюн Оджек (Ogün Öcek) бастап, қазақстандық әріптестеріне телерадиокомпанияның жаңа медиада қолданатын заманауи тәсілдері туралы айтып берді.

Одан әрі TRT Haber арнасының әскери аймақтар мен арнайы жаңалықтар бөлімінің редакторы Элиф Аккуш (Elif Akkuş) дағдарыс аймақтары мен соғыс қимылдары аймақтарындағы көп жылғы тәжірибесімен бөлісті.

TRT News Channel арнасының редакторы Абдулла Колтук (Abdullah Koltuk) сұхбат алудың заманауи әдістері, сондай-ақ компанияның репортаждарды дайындау кезінде қолданатын негізгі ережелері туралы айтты.

Өз кезегінде TRT цифрлық хабар тарату бөлімінің басшысы Бертуу Улукан (Bertug Ulukan) Youtube, Instagram және Twitter-ді ақпарат тарату платформасы ретінде пайдаланудағы лайфхактармен бөлісті.

Тренинг апталығының қорытындысы ретінде TRT Haber редакторы және продюсер Мехмет Айфер Канджи (Mehmet Ayfer Kancı) компанияның халықаралық желісі, сондай-ақ шетелдегі кеңселердегі жұмыс принциптері туралы айтты.

Осылайша, «Медиа Дамыту Қоры» Корпоративтік қоры тек Қазақстандық кәсіпқойлармен шектелмей, сондай-ақ шетелдік медиасала мамандарын тарта отырып, оқыту тренингтерінің кезекті циклін сәтті аяқтады.



Другие новости

09.10.2023
«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

22 қыркүйек Астанада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Сыйлық алуға 450-ден астам өтінім келіп түсті. Материалдар 12 номинация бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Толығырақ
09.08.2023
«URKER» - 2023 Ұлттық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER» — 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды.
Толығырақ
04.07.2023
«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздар жарияланды
«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл «Тұмар» Ұлттық бәйгесіне -7 жыл.
Толығырақ