Баспа, радио, интернет – журналистикасын қамтыған «URKER - 2021» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

  • Баспа, радио, интернет – журналистикасын қамтыған «URKER - 2021» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

24 маусым күні Нұр-сұлтанда кәсіби мереке қарсаңында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER — 2021» Ұлттық сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімде 11 номинация бойынша журналистика саласындағы беделді Сыйлық жеңімпаздарының есімдері аталды:

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал — Молдашева Рыиза, «Семей таңы» газеті;

Жылдың үздік фотосуреті - Мақсат Шағырбаев, Newsroom.kz;

Жылдың үздік репортажы — Ануар Абдрахманов, BaigeNews.kz АА;

Жылдың үздік аналитикалық материалы — Дина Имамбаева, «Ақиқат» журналы;

Жылдың үздік журналистік зерттеуі - Қыдырбек Рысбек, «Aiqyn» газеті;

Жылдың үздік сұхбаты — Тамара Вааль, Vlast.kz порталы;

Жылдың үздік танымдық материалы — Өмірбек Сансызбаев, Massaget.kz;

Радиостанциядағы үздік жоба — «Новое утро» жобасы, «NS» радиосы;

Жылдың үздік жаңалықтар порталы — inform.kz, «Казинформ» ХАА» АҚ;

Жылдың үздік газеті - «TÚRKISTAN»;

Жылдың үздік журналы — «Forbes Kazakhstan»;

Радионың 100 жылдығына орай тағайындалған арнайы жүлденің иегері «Қазақ радиосы» атанды.

Финалистерге Ұлттық бәйге жеңімпазы атағында куәлік, «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі қаржылай сыйлық табысталды.

Көрермендер марапаттау рәсімін сыйлықтың urker-awards.kz ресми сайтында тікелей эфирде көруге мүмкіндік алды.

2021 жылы ұйымдастырушылардың мекенжайына республикалық және өңірлік радиостанциялардан, баспа және интернет-басылымдардан 340 өтінім келіп түсті. 2017 жылдан бастап барлығы 2 833 жұмыс Сыйлыққа ұсынылды, оның 248-і шорт-параққа енді. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының 67 үздік өкілі «URKER» естелік мүсіншесінің иегері атанды.

Қазақстандық »URKER» Ұлттық сыйлығы, баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканың дамуына қосқан үлестерін тану мақсатында 2017 жылы құрылған.

Сыйлықтың ұйымдастырушылары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры және «Қазмедиа орталығы» БК болып табылады. Іс — шараның демеушілері - «Қазақстан» РТРК» АҚ және «Хабар» Агенттігі» АҚ.

Другие новости

09.10.2023
«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

22 қыркүйек Астанада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Сыйлық алуға 450-ден астам өтінім келіп түсті. Материалдар 12 номинация бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Толығырақ
09.08.2023
«URKER» - 2023 Ұлттық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER» — 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды.
Толығырақ
04.07.2023
«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздар жарияланды
«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл «Тұмар» Ұлттық бәйгесіне -7 жыл.
Толығырақ