Қазақстандық БАҚ үшін маңызды сөздіктің тұсаукесері өтті

  • Қазақстандық БАҚ үшін маңызды сөздіктің тұсаукесері өтті

2021 жылдың 6 қыркүйегінде «Қазмедиа орталығы» ғимаратында «СӨЗТҮЗЕР. Қате қолданыстар сөздігінің» тұсаукесері өтті

Іс-шараның қонақтары ҚР Парламентінің депутаттары, іскерлік, қоғамдық, ғылыми және мәдени топтардың өкілдері, журналистер, сондай-ақ еліміздің мемлекеттік БАҚ басшылары болды.


«СӨЗТҮЗЕР. Қате қолданыстар сөздігінің» Отандық БАҚ материалдарының мониторингі негізінде білікті лингвистердің, тәжірибелі журналистер мен кәсіби редакторлардың қатысуымен әзірленді. Жоба авторлары еліміздің ақпараттық кеңістігінде мемлекеттік тілде жиі кездесетін қателіктерді анықтады, жіктеді және талдады.

Нәтижесінде қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс пайдаланбаудың нақты мысалдары бар, сондай-ақ жалпы орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателер сөздігі жасалды. Онда сөздер мен сөйлемдердің дұрыс нұсқасын қолдану бойынша ұсыныстар берілген.

Айта кету керек, бұл осы бағыттағы алғашқы ауқымды жоба.


Жобаның басты мақсаты — БАҚ-та мемлекеттік тілді нығайту және дамыту.

Отандық БАҚ-тарға арналған қазақ тіліндегі сөздікті жасау идеясының авторы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев болды. Жоба жетекшісі - ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы.

Сөздік бірінші кезекте қазақ тіліндегі БАҚ редакторларына, сондай-ақ қазақ тілінде сауатты жазуға тырысатын қалың бұқараға тұрақты пайдалану үшін ұсынылады.


Оның басылымы БАҚ-та мемлекеттік тілді нығайтуға жаңа серпін береді және қалың жұртшылықтың, әсіресе жас ұрпақтың қазақ тілінде дұрыс сөйлеу және жазу қабілетіне оң әсер етеді.

Сөздік Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеу шеңберінде ұсынылған және Қазақстан халқының Тілдері күніне орайластырылған. Шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Медиа Дамыту қоры» Корпоративтік қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс — шараның демеушісі - «Қазақстан» РТРК.



Другие новости

09.10.2023
«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

22 қыркүйек Астанада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Сыйлық алуға 450-ден астам өтінім келіп түсті. Материалдар 12 номинация бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Толығырақ
09.08.2023
«URKER» - 2023 Ұлттық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER» — 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды.
Толығырақ
04.07.2023
«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздар жарияланды
«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл «Тұмар» Ұлттық бәйгесіне -7 жыл.
Толығырақ