«Татмедиа» медиа мектебі Қазақстанның журналистеріне арнап тренинг өткізді

  • «Татмедиа» медиа мектебі Қазақстанның журналистеріне арнап тренинг өткізді

Сабақта аудиториямен жұмыс істеу ерекшеліктері және жаңалықтар күн тәртібін қалыптастыру, жаңалықтар агрегаторларымен жұмыс істеу ережелері, сонымен қатар әлеуметтік желілерде және интернетте жұмыс істеудің негізгі принциптері талқыланды.

«Татмедиа» медиа мектебі журналистерге, баспасөз хатшыларына және Қазақстандағымедиа индустрия қызметкерлеріне арналған оқытутренингтерін өткізді. Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдықдаму министрлігінің бастамасымен «Медиа дамыту қоры» қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Онлайн-тренингті «Татмедиа» АҚ бас директоры Шамиль Садыков пен «Медиа Дамыту Коры» КҚ директорының орынбасары Айжан Мусинова ашып, журналистерді даярлау қордың басты міндеті екенін атап өтті. Садықов журналистерді оқыту және жаңа кадрларды даярлау холдингпен «Татмедиа» медиа мектебі қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылатындығын да баса айтты.

«Біз өзгерістерге реакция жасай білуіміз керек. Бірақ ең бастысы — біз үйренебілуіміз керек. Оқыту жүйесі ай сайын емес, апта сайын, кейде тіпті күнделі ктібейімделіп отыруыкерек. Журналистің және БАҚ басшыларының құзыреттілігімен, шеберлігімен жұмыс жүйесін үнемі жүргізу қажет. Біз бәсекелестеріміз бен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының қалай жұмыс істейтінін талдап, түсініп, соған қарап қорытынды жасауымыз керек», — деді Садықов.

Тренингтің тақырыбы әртүрлі аудиториямен жұмыс істеу ерекшеліктері және жаңалықтар күн тәртібін қалыптастыру, жаңалықтар агрегаторларымен жұмыс істеу ережелері, сонымен қатар әлеуметтік желілерде жұмыс істеудің негізгі қағидалары және интернеттегі аудиториямен өзара әрекеттесу әдістері болды.

Тренингтің спикерлері «Татмедиа» медиа мектебінің директоры Александр Третьяков және «Татмедиа» АҚ әлеуметтік медиа директоры Алсу Исмагилова болды."Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры Қазақстанның жетекші мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының бастамасымен құрылды. Оның мақсаты — Қазақстандағы жетекші бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа индустрияның бәсекеге қабілеттілігін ілгерілету, медиа өнімдердің сапасын

Другие новости

09.10.2023
«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

22 қыркүйек Астанада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Сыйлық алуға 450-ден астам өтінім келіп түсті. Материалдар 12 номинация бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Толығырақ
09.08.2023
«URKER» - 2023 Ұлттық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER» — 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды.
Толығырақ
04.07.2023
«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздар жарияланды
«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл «Тұмар» Ұлттық бәйгесіне -7 жыл.
Толығырақ