Сыйлыққа 18-ден 35 жасқа дейінгі жеке ізденушілер-аймақтық және орталық БАҚ, облыстық, қалалық, аудандық мерзімді баспа басылымдары мен телерадиокомпанияларда жұмыс істейтін журналистер (штаттық және штаттан тыс қызметкерлер), блогерлер/ қауымдастық әкімшілері, 5K / 50k кем емес аудиториясымен (достарымен) қатыса алады.
Ең үздіктерді арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасының құрамына ұйымдастырушылар өкілдері, отандық медиа саланың кәсіпқойлары, ғылым және қоғам қайраткерлері, сыйлық демеушілері (серіктестері) енетін болады.
«Жігер» сыйлығына қатысуға өтінімдер қабылдау 2020 жылдың 26 мамыры мен 15 маусымы аралығында «Конкурс» белгісімен келесі электрондық мекен-жайға жолдануы шарт: info@mdq.kz.
«Жігер» сыйлығы туралы толық ақпаратты Ережеден (қатысу ережесі) білуге болады.
Сонымен қатар, «Жігер» сыйлығын қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау ҚР БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында өтеді.
Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздары: