Әлеуметтік желілердегі цифрлық контент авторларына арналған гранттар
Мақсаты: гранттар Instagram, TikTok немесе YouTube-тегі жеке аккаунттарында әлеуметтік маңызды контент құруға және орналастыруға арналған.

Қатысу шарттары:
Грант алуға 14 жастан асқан (олардың мүдделерін ата-аналары білдіреді) Instagram, TikTok әлеуметтік желілерінің бірінде немесе YouTube арнасы бар, аудиториясы (жазылушылары) келесі параметрлерге сәйкес келетін кез келген Қазақстан азаматы өтініш бере алады:
  • Instagram аккаунтында жазылушы саны – 5000-нан 100 000-ға
дейін;
  • TikTok аккаунтында жазылушы саны – 5 000-нан 100 000-ға дейін;
  • YouTube-арнасына жазылушы саны – 5 000-нан 50 000-ға дейін.
Конкурстың келесі тақырыптық бағыттары бойынша авторлар контент жасауы тиіс:
- ағартушылық контент;
- азаматтық және әлеуметтік білім;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- дене және ақыл-ой еңбегін насихаттау;
- қаржылық, құқықтық, цифрлық сауаттылық;
- балалар мен жастарға мәдени және тарихи білім беру;
- экологиялық білім беру;
- гендерлік саясат.

Грант құны: 3 000 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейін.
Толығырақ ақпаратты төменде немесе телефон арқылы алуға болады +7 775 807 3893 (WhatsApp, Telegram, қоңыраулар)
Бейне нұсқау
Сұрақ-жауап