Мүмкіндіктер

Қазақстандық БАҚ өкілдеріне арналған конкурс

“Германиядаға, Қазақстандаға және әлемдегі трансформацияға 30 жыл”

Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі “Медиа дамыту қоры” корпоративтік қорымен серіктестікте журналистер мен блогерлерді “Германиядағы, Қазақстандағы және әлемдегі трансформацияға 30 жыл” атты Қазақстанның БАҚ өкілдеріне арналған конкурсқа қатысуға шақырады. Конкурстың нәтижесі бойынша Германиядағы БАҚ жұмысымен танысу үшін бір апталық кәсіби іссапарға қатысу үшін 6 жеңімпаз іріктелініп алынады.

2020 жылдың 3 қазанында Германия өзінің бірлігінің (қайта қосылу) 30 жылдығын тойлайды. Бұл оқиға тек Германия үшңн маңызды болмады, сонымен қатар әлемдік масштабта терең өзгерулерге алып келді. Қазақстан мен оны қоршаған өңірлер бүгінгі күнге дейін жалғасып жатқан трансформацияны (мәдени, қоғамдық және (гео-) саяси) бастан кешірді. Бұл конкурс Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы медиа саласындағы қарым-қатынасты кеңейту мен нығайтуға, ашық диалогтың құрылуы мен екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы ақпараттан хабардар болуға бағытталған.

Конкурс міндеттері:

конкурс жеңімпаздарына өз кәсіби потенциалын жүзеге асыруға және жетілдіруге мүмкіндіктер беру;
тағылымдама шегінде барлық іс-шаралар мен оқиғалар арқылы өз кәсіби білімін интеграциялау;
талантты және белсенді медиа қоғамдастықты біріктіру.

Ереже:

Үміткер Конкурс ережесіне сәйкес толтырылған өтінімді қоса берілген файлдармен, сілтемелермен  de.kz.konkurs@gmail.com электронды мекенжайына жолдайды.
Жеңімпаздарды 2020 жылдың 26 сәуірі мен 2 мамыры аралығында іссапарға жолдау жоспарланған. Тағылымдаманың ұзақтығы жол есебімен бірге 6 күн.
*іссапар күндеріне өзгертулер енгізілуі мүмкін
Ізденушілер Германиядағы, Қазақстандағы және әлемдегі трансформацияның 30 жылдығына арналған конкурстық жұмысты ұсынуы қажет. Жұмыстар баспа немесе видео/аудио форматта қабылданады.

  • Коронавирус пандемиясына және осыған байланысты қойылған шектеулерге байланысты сапардың күні мен өтінім қабылдау мерзімінің ауыстырылуы туралы шешім қабылданды. Өтінім қабылдау 2020 жылдың 27 қыркүйегіне дейін болады.

Ықтимал ізденуші конкурста қатысу үшін келесі критерийлерге сай болуы тиіс:

азаматтық

Қазақстан Республикасы;

жасы

20 жастан 45 жасқа дейін;

ағылшын тілін білу деңгейі

минимум B1 – Intermediate (растайтын құжатты ұсыну), неміс тілін білу құпталады;
*ағылшын тілі білімі жеке сұхбатта тексерілуі мүмкін

еңбек өтілі

БАҚ 2 жылдан кем емес немесе әлеуметтік желілердегі жеке тәжірибесі (блогер);

тапрсыратын жұмыстың тілі

қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған жұмыстар конкурсқа қабылданады;

жұмыс тақырыбы

жарияланған жұмыстың тақырыбы – Германиядағы, Қазақстандағы және әлемдегі трансформацияның 30 жылдығына арналған тақырыптағы сараптамалық материал.

Конкурстың қазылар алқасы тақырыптың толық меңгерілуіне, журналистік тәжірибеге және фактаж бен креативке баса назар аударады. Конкурс туралы толық ақпаратты білу үшін  8 777 353 17 66 de.kz.konkurs@gmail.com арқылы байланысуға болады