Онлайн курстар

"Сыни тұрғыдан ойлау негіздері" онлайн курсы

Сыни ойлай білу өмірдің кез келген саласында қажетті дағды. Әсіресе сіз ақпаратпен тікелей жұмыс жасасаңыз және оны көпшілікке жеткізетін болсаңыз. «Сыни тұрғыдан ойлау негіздері» курсы — бұл ақпаратпен жұмыс жасау, оны сараптау, талдау дағдыларын қалыптастыру, дәлелдер құру, ақпаратпен жұмыс кезінде логикалық қателіктерден аулақ болуға үйрететін білім беру технологиясы.

Курстан өту

4 сабақ

Практикалық тапсырмалар

Материалдар дереу пайдалануға қолжетімді

Курстан өткені туралы сертификат

Курс туралы

Тиімді байланыс орнату және сыни тұрғыдан ойлау бойынша тренер, блогер, блогерлер арасындағы «Астананың үздік 20 қыры» байқауының жеңімпазы, медиа маман, халықаралық, республикалық және қалалық пікірсайыс турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы Мерей Ермұхановтың авторлық бағдарлмамасында теорияның қамтылуымен қатар ақпараттық алаңда орын алған жағдайларға талдау жүргізіледі.

Сіз нені білетін боласыз?

  • Сыни тұрғыдан ойлаудың мәні мен маңызы
  • Ойлау психологиясы мен ойлау үрдісінде жиі кездесетін стереотиптер қандай?
  • Ақпараттың сапасын қалай бағалауға болады?
  • Ақпараттың бұрмалану принципі
  • Логикалық қателіктердің түрлері
  • Деректермен манипуляция дегеніміз не?

Сіз не үйренесіз?

  • Үлкен мәліметтер ағындарын өңдеуді
  • Қоғамдық дамудың өзекті мәселелері бойынша өзіндік ұстанымыңызды қалыптастыруды
  • Өз пікіріңізді дәлелдеуді
  • Ұжымдық және жеке форматта шешім қабылдауды
  • Аргументтеуді және аргументтердің негізінде шешім шығаруды
  • Логикалық қателіктерді тауып, олардан аулақ болуды

Курс кімге арналған?

Сыни тұрғыдан ойлау негіздері бойынша курсымыз корреспонденттерге, редакторларға, продюсерлерге және қызметі тікелей ақпаратты жинау және өңдеу үрдістерімен тоғысатын кез-келген адам үшін қолайлы.

Оқыту қалай өтеді?

1

Курстың барлық материалдары осы парақта орналасқан. Сабақтарға бірден кірісе берсеңіз болады.

2

Әр модульдің соңында материалды бекітуге көмектесетін тапсырмалар орналасқан.

3

Курсқа жазылып, жаңа ақпаратты игеріп, тапсырмаларды орындап, электронды сертификатқа ие болыңыз. Бұл тегін!

Сіз не аласыз?

Бейнедәрістер

Барлық дәрістер мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жол ашыңыз

Сертификат

Курс тапсырмаларынан сәтті өтіп, «Медиа дамыту қоры» сертификатына ие болыңыз

Техникалық қолдау

Егер техникалық қиындықтарға тап болсаңыз, біздің қызметкерлер сізге көмек көрсетуге дайын.

Курс бағдарламасы

Курстың бағасы

Тегін

 

Тегін

Бұл курсқа кіреді: