Онлайн курстар

"Практикалық журналистика негіздері" онлайн курсы

Бұл курста барлық теориялық ақпарат курс авторының жылдар бойғы тәжірибесімен бекітілген. Журналистиканың қыр-сыры, пайдалы лайфхактар еңбек өтілін жаңа бастап жатқан мамандар үшін салаға аяқ басуға септігін тигізеді.

Курстан өту

7 сабақ

Тестілеу сұрақтары

Материалдар дереу пайдалануға қолжетімді

Курстан өткені туралы сертификат

Курс туралы

Журналист, «Qazaqstan» телеарнасының Апта.кз бағдарламысының шеф-редакторы Нұрбек Бекбау сіздермен журналистика жанрының, репортаждың қыр-сырымен, тележурналистке керек дағдыларымен, сұхбат жүргізу қағидалары мен фактчекингтің маңызы туралы бөліседі.

Сіз нені білетін боласыз?

  • Журналистиканың жанрлары мен түрлері туралы
  • Жоспар қалай жасалады?
  • Жалпылама тақырыптан жекелеген мәсеге өтіп кету тәсілдері туралы
  • Мозговой штурм деген не? Оның жоспар құруда пайдасы қандай?
  • Сұхбат алушы журналистердің жиі жасайтын қателіктері қандай?
  • Сұхбат берушінің ешкім білмеген жаңа қырларын ашудың тәсілдері
  • Сұхбат сұрақтары қандай болмау керек?
  • Репортаж жанрының ерекшеліктері қандай?
  • Журналист не үшін, кай кезде түрін көрсетуі керек?
  • Фейктің табиғаты қандай болады?
  • Биг-Дата арқылы өтірікті әшкерелеу, шындықты табу жолдарын

Сіз не үйренесіз?

  • Жоспар жасауды
  • Мәтінмен жұмыс жасауды
  • Аудиторияның назарын алғашқы 4,5 секундта жаулап алуды
  • «Ол не емес?» деген сұрақтан репортаж жасау әдісіне
  • Стендаптың 5 шартына
  • Кейіпкерге негізделген мақала немесе сюжет дайындауды
  • Story telling тәсіліне. Қызық оқиғамен бастау қандай артықшылық береді?

Курс кімге арналған?

«Практикалық журналистика негіздері» атты курсымыз студенттерге, журналистика және басқа да факультеттердің түлектеріне, бұқаралық ақпарат құралдарының жас мамандарына пайдалы болады.

Оқыту қалай өтеді?

1

Курстың барлық материалдары осы парақта орналасқан. Сабақтарға бірден кірісе берсеңіз болады.

2

Әр модульдің соңында материалды бекітуге көмектесетін тапсырмалар орналасқан.

3

Курсқа жазылып, жаңа ақпаратты игеріп, тапсырмаларды орындап, электронды сертификатқа ие болыңыз. Бұл тегін!

Сіз не аласыз?

Бейнедәрістер

Барлық дәрістер мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жол ашыңыз

Сертификат

Курс тапсырмаларынан сәтті өтіп, «Медиа дамыту қоры» сертификатына ие болыңыз

Техникалық қолдау

Егер техникалық қиындықтарға тап болсаңыз, біздің қызметкерлер сізге көмек көрсетуге дайын.

Курс бағдарламасы

Курстың бағасы

Тегін

 

Тегін

Бұл курсқа кіреді: