Онлайн курстар

"Data-журналистика” онлайн курсы

«Дата журналистикаға кіріспе» курсын онлайн оқытудың тек теориялық ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интеративті оқу әдістеріне негізделген тәжірибелік білім, осыған дейін әзірленген дата жобалармен танысу және оны талдау, сараптау, қайта өңдеу секілді жолдармен жүзеге асады. Сондықтан Дата журналистика курсының теориясын және практикасын терең білу журналистер үшін аса маңызды мақсаты болып келеді. Курсты оқу барысында журналистерге белгілі қазақстандық Интернет сайттардағы контентпен, зерттеулерімен танысу ұсынылады.  
«Дата журналистика» курсын оқу журналистердің кәсіби біліктілігін көтеруге, олардың мультимедиалы әрі визуалды ойлануға, кез-келген интернет ресурстың контентін талдауға,  жеке Интернет жоба бастауға, дата сауатты болуға, Интернеттен ақпарат іздеудің тиімді тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Курстан өту

10 сабақ

Тестілеу сұрақтары мен практикалық тапсырмалар

Материалдар дереу пайдалануға қолжетімді

Курстан өткені туралы сертификат

Курс туралы

«Дата журналистика» курсын оқу журналистердің кәсіби біліктілігін көтеруге, олардың мультимедиалы әрі визуалды ойлануға, кез-келген интернет ресурстың контентін талдауға, жеке Интернет жоба бастауға, дата сауатты болуға, Интернеттен ақпарат іздеудің тиімді тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Сіз нені білетін боласыз?

  • Ашық деректердің пайда болуын және олардың түрлерін
  • Дата журналистикадағы оқиғаны табудың ретін
  • Дата сторидің құрылымын
  • Статистикалық деректер арқылы мақаланың маңызын арттыруды
  • Дата табиғаты туралы

Сіз не үйренесіз?

  • Ашық дерекөздегі жинақталған кестелермен жұмыс істеуді
  • Дата арқылы тренд, қарама-қайшылық, көзге көрінбейтін байланыс немесе тұжырымға негізделген оқиғаны табуды
  • Тек датаны іздеп, тауып, сараптап қоймай оның қалай жинақталғанын және оқиғаға қатысты терең тақырыптық талдау жасауды
  • Дата базалар тізімін жасақтауды
  • Датаға анализ жасауды
  • Датағы деректердің қайдан алынғанын, оны кім енгізгенін мұқият тексеруді
  • Әртүрлі форматтағы датаны «машина оқитын» қалыпқа айналдырудың тәсілдеріне

Курс кімге арналған?

Курс журналистерге және сала мамандарына қажет. Сондай-ақ, мәліметтермен жұмыс жасайтын, кәсіби біліктілігін арттырғысы келетін, визуалды ойлану, датамен жұмыс жасау дағдысына ие болғысы келетін студенттерге, аналитиктерге, продюсерлерге қызықты болады.

Оқыту қалай өтеді?

1

Курстың барлық материалдары осы парақта орналасқан. Сабақтарға бірден кірісе берсеңіз болады.

2

Әр модульдің соңында материалды бекітуге көмектесетін тапсырмалар орналасқан.

3

Курсқа жазылып, жаңа ақпаратты игеріп, тапсырмаларды орындап, электронды сертификатқа ие болыңыз. Бұл тегін!

Сіз не аласыз?

Бейнедәрістер

Барлық дәрістер мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жол ашыңыз

Сертификат

Курс тапсырмаларынан сәтті өтіп, «Медиа дамыту қоры» сертификатына ие болыңыз

Техникалық қолдау

Егер техникалық қиындықтарға тап болсаңыз, біздің қызметкерлер сізге көмек көрсетуге дайын.

Курс бағдарламасы

Курстың бағасы

Тегін

 

Тегін

Бұл курсқа кіреді: