Онлайн курстар

"Әлеуметтік медиа және верификация” онлайн курсы

Біздің курста Сіз деректерді тексерудің ашық көздерімен танысасыз, құралдардың қандай түрлері бар және оларды қалай қолдануға болатыны туралы білетін боласыз

Курстан өту

16 сабақ

Материалдар дереу пайдалануға қолжетімді

Курстан өткені туралы сертификат

Курс туралы

Eoghan Sweeney, соңғы онжылдықта бүкіл әлем бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында цифрлық тексеру және фактчекингтік операцияларды құруға, дамытуға және сақтауға көмектескен өз ісінің маманы және тренер өзінің саладағы орасан зор тәжірибесімен бөліседі және желідегі ең маңызды құралдар, қызметтер мен тұжырымдамалармен таныстырады.

Сіз нені білетін боласыз?

  • Медиа-манипуляциялар туралы негізгі ақпарат және оларды тану ережелерін
  • Ашық дереккөздерді тексеру құралдарының қандай түрлері бар және олар қаншалықты пайдалы болуы мүмкін
  • Әлеуметтік желілердегі аккаунттарды талдау үшін қандай құралдарды қолдануға болады

Сіз не үйренесіз?

  • Интернетте бар әртүрлі ақпарат түрлерімен жұмыс жасау, онымен байланысты қауіп-қатерлерді анықтауды
  • Ақпарат көздерін тексеру және талдау әдістерін
  • Facebook немесе Twitter сияқты ірі әлеуметтік платформаларда кеңейтілген іздеулер жүргізуді
  • Көрнекі контентті тексеру үшін геолокацияны (геотегтеу) қолдануды

Курс кімге арналған?

Бұл сандық қауіпсіздік бойынша курс ақпаратпен жұмыс істейтін кез-келген адам үшін қолайлы

Оқыту қалай өтеді?

1

Курстың барлық материалдары осы парақта орналасқан. Сабақтарға бірден кірісе берсеңіз болады.

2

Журналистиканың соңғы жаңалықтары мен үрдістері туралы хабардар болу, прогресті қадағалап, электрондық сертификат алу үшін курсқа жазылыңыз. Бұл тегін!

Сіз не аласыз?

Бейнедәрістер

Барлық дәрістер мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жол ашыңыз

Сертификат

Курс тапсырмаларынан сәтті өтіп, «Медиа дамыту қоры» сертификатына ие болыңыз

Техникалық қолдау

Егер техникалық қиындықтарға тап болсаңыз, біздің қызметкерлер сізге көмек көрсетуге дайын.

Курс бағдарламасы

Авторлар

Курстың бағасы

Тегін

 

Тегін

Бұл курсқа кіреді: