Германия елшілігі мен Медиа дамыту қорының БАҚ үшін ұйымдастырған конкурсы

  • Германия елшілігі мен Медиа дамыту қорының БАҚ үшін ұйымдастырған конкурсы

«Германиядағы, Қазақстандағы және әлемдегі трансформацияға 30 жыл»

Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорымен серіктестікте журналистер мен блогерлерді «Германиядағы, Қазақстандағы және әлемдегі трансформацияға 30 жыл» атты Қазақстанның БАҚ өкілдеріне арналған конкурсқа қатысуға шақырады. Конкурстың нәтижесі бойынша Германиядағы БАҚ жұмысымен танысу үшін бір апталық кәсіби іссапарға қатысу үшін 6 жеңімпаз іріктелініп алынады.

2020 жылдың 3 қазанында Германия өзінің бірлігінің (қайта қосылу) 30 жылдығын тойлайды. Бұл оқиға тек Германия үшін маңызды болмады, сонымен қатар әлемдік масштабтағы үлкен өзгерістерге алып келді. Қазақстан мен оны қоршаған өңірлер бүгінгі күнге дейін жалғасып жатқан трансформацияны (мәдени, қоғамдық және (гео-) саяси) бастан кешірді. Бұл конкурс Германия Федеративтік Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы медиа саласындағы қарым-қатынасты кеңейту мен нығайтуға, ашық диалогтың құрылуы мен екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы ақпараттан хабардар болуға бағытталған.

Конкурс міндеттері:

  • конкурс жеңімпаздарына өз кәсіби потенциалын жүзеге асыруға және жетілдіруге мүмкіндіктер беру;
  • тағылымдама шегінде барлық іс-шаралар мен оқиғалар арқылы өз кәсіби білімін интеграциялау;
  • талантты және белсенді медиа — қоғамдастықты біріктіру.

Ережелер:

  • Үміткер Конкурс ережесіне сәйкес толтырылған өтінімді қоса берілген файлдар мен сілтемелермен de.kz.konkurs@gmail.com электронды мекенжайына жолдауы қажет.
  • Жеңімпаздарды жөнелту 2020 жылдың 26 сәуірі мен 2 мамыры аралығында жоспарланған.
  • Тағылымдаманың ұзақтығы жол есебімен бірге 6 күн. *іссапар күндеріне өзгертулер енгізілуі мүмкін
  • Ізденушілер Германиядағы, Қазақстандағы және әлемдегі трансформацияның 30 жылдығына арналған конкурстық жұмыстарын ұсынуы қажет.

Ықтимал ізденуші конкурста қатысу үшін келесі критерийлерге сай болуы тиіс:

азаматтық Қазақстан Республикасы;

жасы 20 жастан 45 жасқа дейін;

ағылшын тілін білу деңгейі кем дегенде B1 — Intermediate (растайтын құжатты ұсыну), неміс тілін білу құпталады; *ағылшын тілін білу деңгейі жеке сұхбатта тексерілуі мүмкін

еңбек өтілі БАҚ-та 2 жылдан кем емес немесе әлеуметтік желілердегі жеке тәжірибесі (блогер);

тапсырылатын жұмыс тілі конкурсқа 3 тілдің кез келгенінде жұмыстар қабылданады: қазақ, орыс және ағылшын;

жұмыс тақырыбы жарияланған конкурстық жұмыс — Германиядағы, Қазақстандағы және әлемдегі трансформацияның 30 жылдығына арналған тақырыптағы сараптамалық материал.

Конкурстың қазылар алқасы тақырыптың толық меңгерілуіне, журналистік тәжірибеге және фактаж бен креативке баса назар аударады.

Конкурс туралы толық ақпаратты 8 777 353 17 66 телефон нөмірі немесе de.kz.konkurs@gmail.com электрондық мекенжайы арқылы алуға болады.


КОНКУРС АЯҚТАЛДЫ