Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы 2020

  • Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы 2020

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қазақ телевизиясының тарланы, журналистиканың жүйрігі, танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығын жариялады

«Жігер» сыйлығының мақсаты

ардақты азамат, елімізге белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің есімін мәңгілікке сақтап қалу және жас журналистерді қолдау, әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды жариялаумен айналысатын журналистер мен БАҚ қызметін ынталандыру, көтермелеу

Сыйлық келесі номинациялар бойынша өткізіледі

  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжет
  • Әлеуметтік тақырыптағыи үздік мақала
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік жарияланым (әлеуметтік желідегі)
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет

Сыйлыққа 18-ден 35 жасқа дейінгі жеке ізденушілер-аймақтық және орталық БАҚ, облыстық, қалалық, аудандық мерзімді баспа басылымдары мен телерадиокомпанияларда жұмыс істейтін журналистер (штаттық және штаттан тыс қызметкерлер), блогерлер/ қауымдастық әкімшілері, 5K / 50k кем емес аудиториясымен (достарымен) қатыса алады.

Ең үздіктерді арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасының құрамына ұйымдастырушылар өкілдері, отандық медиа саланың кәсіпқойлары, ғылым және қоғам қайраткерлері, сыйлық демеушілері (серіктестері) енетін болады.

«Жігер» сыйлығына қатысуға өтінімдер қабылдау 2020 жылдың 26 мамыры мен 15 маусымы аралығында «Конкурс» белгісімен келесі электрондық мекен-жайға жолдануы шарт: info@mdq.kz.

«Жігер» сыйлығы туралы толық ақпаратты Ережеден (қатысу ережесі) білуге болады.

Сонымен қатар, «Жігер» сыйлығын қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау ҚР БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында өтеді.


КОНКУРС АЯҚТАЛДЫ