Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы 2021

  • Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы 2021

Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал қазақстандық тележурналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Байқау «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорымен ынтымақтастықта жүргізіледі.

«Жігер» — журналистік шеберлік саласында әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды жариялағаны үшін берілетін кәсіби сыйлық.

Сыйлықтың негізгі мақсаты — талантты журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Бейсен Құранбектің есімін ел жадында өшірмеу, мұрасын сақтап қалу. Белді журналист қазақстандық телевизияның дамуына үлкен үлес қосып, еңбексүйгіштігі мен кәсібіне қалтқысыз қызмет етуінің арқасында әріптестері мен телекөрермендер арасында сүйіспеншілікті жаулап алды.

Қатысу шарттары:

  • конкурсқа Қазақстан Республикасының Республикалық және облыстық телебағдарламалары қатыса алады;
  • конкурсқа ұсынылған материалдар телеэфирде 2021 жылдың 1 қаңтары мен 19 қыркүйек аралығында көрсетілуі тиіс;
  • конкурсқа қазақ және орыс тілдеріндегі жұмыстар қабылданады;
  • конкурсқа қоғам үшін өзекті мәселелерді және әлеуметтік тақырыпты қозғайтын телебағдарламалар қатыса алады.

Марапат Бейсен Құранбектің журналистік қызметтегі принциптерін барынша толық көрсете білген жұмыстарға беріледі. Құрамына медиасала мамандары және Бейсен Құранбектің үзеңгілес достары енетін қазылар алқасының мүшелері дауыс беру қорытындысы бойынша үздік телебағдарламалар анықталады. «Жігер» сыйлығына өтінімдерді қабылдау 2021 жылы 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

«Жігер» байқауының қазылар алқасы:

Қайнар Олжай - журналист, публицист
Қайнар
Олжай

журналист, публицист
Арман Сқабылұлы — журналист
Арман
Сқабылұлы

журналист
Андрей Тараков — «Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы
Андрей
Тараков

«Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы
Әлия Құдайберген — журналист, «Қарекет» бағдарламасының продюсері
Әлия
Құдайберген

журналист, «Қарекет» бағдарламасының продюсері
Серік Сарыбай — журналист, «Жетісу» телеарнасының директоры
Серік
Сарыбай

журналист, «Жетісу» телеарнасының директоры


«Жігер — 2021» байқауының «Әлеуметтік тақырыптағы үздік бағдарлама» номинациясы бойынша жеңімпаздары

photo-zhiger-2021-3.JPG
1 орын
Сәния Байтарова

«Жетісу» телеарнасының редакторы («Арнайы хабар» «Меруерттің мұңы» шығарылымы)
photo-zhiger-2021-2.jpeg
2 орын
Ерлан Мұқанов

«Ақтөбе» телеарнасының редакторы («Жігер» бағдарламасы)
photo-zhiger-2021-1.jpeg
3 орын
Индира Бектенова

«Қазспорт» телеарнасының бас редакторы («Әлемді мойындатқан Шардара» бағдарламасы)

Демеушілер