Коронавирус пандемиясы басталғаннан кейінгі әлеуметтік желілердегі трендтер

View this post on Instagram

Коронавирус пандемиясы басталғаннан кейінгі әлеуметтік желілердегі трендтер ⠀ Әлемдік КВИ пандемиясы, жалпыәлемдік каранти мен көптеген қалалардың жабылуы экономикаға әсер етіп қана қоймай, адамзаттың күнделікті өмірін өзгертті. Бос уақыттық көптігі мен әлеуметтік коммуникациялардың шектелуі әлеуметтік желілерге деген сұранысты өсірді. ⠀ Осыған байланысты, әлеуметтік желілердегі бірнеше тредті атап өтуге болады: 📌 Жалпы трафиктің ұлғаюы. «Obviously» америкалық маркетинг агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, 2020 жылдың наурыз айының алғашқы екі аптасында Instagram-ғы посттарға күнделікті лайк басу 76-пайызға ұлғайған. ⠀ 📌 Фейк ақпараттардың ұлғаюы мен оған қарсы күрес. Фейк ақпараттар КВИ тақырыбында өршіп тұр. Осыған байланысты, Facebook, Google, YouTube, Microsoft, LinkedIn, Reddit мен Twitter өз ресурстарында КВИ туралы тек ресми және нақты ақпаратты орналастыруы, сондай-ақ, өз мобильді қосымшаларында COVID-19 қатысты жалған ақпаратпен күресуі туралы өзара келісімге қол қойды. ⠀ 📌 Ойын-сауық және білім беру контентінің ұлғаюы. Жалпы алғанда, ойын-сауық контенттің басым екені байқалады – танымал адамдар қатысатын әзілкеш және спорттық челлендждер, «күн тәртібі» көрінісі, «медициналық маска мен антисанитайзер қалай жасауға болады» лайфхактар мен күнделікті өмірді бейнелетін күлкілі мемдер.

A post shared by Медиа дамыту қоры (@media_foundation) on

Related Posts

Leave a Reply