«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауына 7 жыл!

  • «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауына 7 жыл!

«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауы алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылды. Байқаудың басты мақсаты — кәсіби қоғамдастықтың бағалау призмасы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияны дамытуды ынталандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін көрсету.

2023 жылдың 1 маусымынан бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2023» ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Өтінімдер 18 маусымға дейін қабылданады. Байқауға 2022 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады. Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынайды.

Номинациялар:

  1. Үздік ақпараттық бағдарлама

  2. Үздік әлеуметтік жоба

  3. Үздік журналистік зерттеу

  4. Үздік аналитикалық бағдарлама

  5. Үздік ток-шоу

  6. Үздік ойын-сауық бағдарламасы

  7. Үздік тележурналист

  8. Үздік тележүргізуші

  9. Үздік спорт комментаторы

  10. Үздік аймақтық телеарна

  11. Үздік деректі фильм (Қамал Смайылов атындағы арнайы премия)

  12. Үздік анимациялық фильм (Әмен Қайдаров атындағы арнайы премия)


«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында еліміздің 1 500 астам кәсіби журналисі қатысуға өтінім беріп, 258 жұмыс номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні эксклюзивті мүсіншеге отандық телевизиялық журналистиканың 70 маманы ие болып отыр.

2023 жылдың жеңімпаздары жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

Другие новости

09.10.2023
«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

22 қыркүйек Астанада баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Сыйлық алуға 450-ден астам өтінім келіп түсті. Материалдар 12 номинация бойынша таңдалды. Құрамына беделді журналистер, медиа менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады.

Толығырақ
09.08.2023
«URKER» - 2023 Ұлттық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER» — 2023 Ұлттық бәйгесіне өтінімдерді қабылдау басталды.
Толығырақ
04.07.2023
«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздар жарияланды
«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл «Тұмар» Ұлттық бәйгесіне -7 жыл.
Толығырақ