«Медиа дамыту қоры» КҚ Қазақстан облыстарында журналистер мен блогерлерді оқытуға медиа мамандардан өтінімдерді 16 мамыр мен 30 маусым аралығында қабылдайды. Медиа тренерлерге арналған гранттар келесі бағыттар бойынша беріледі:
1) аналитикалық журналистика; 2) медиаэтика; 3) ақпаратты толық зерттеу және сыни көзқараспен ұсыну. Конкурсқа үкіметтік емес ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Үміткердің медиа саласында кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Қатысушының өтінім бюджеті 5 000 000 теңгеден аспауы керек.
Толық ақпаратты сайттан немесе келесі нөмір бойынша +7 775 807 3893 (WhatsApp, Telegram, қоңыраулар) алуға болады.
Джаманқұлова Қарлығаш Қәлібекқызы - «Әділ сөз» Халықаралық қорының президенті Әлімханов Әділет Қайырғазыұлы - «Медиа дамыту қоры» КҚ-ның бас директоры Досжан Қымбат – журналист, медиаменеджер; Төлеміс Жайнагүл – «Хабар» телеарнасының директоры; Мұқажан Әлішер – ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат Комитетінің төрағасының орынбасары; Күнтуған Еркежан – Jibek Joly телеарнасының директоры; Идоятова Ғалия – медиаэксперт, «Точка» сыни шешімдер агенттігінің негізін қалаушы; Ахетов Қайнар Қаниұлы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры; Саудегерова Дана Мұхамеджанқызы – журналист, байланыс маманы; Горбачева Алена Валерьевна – медиаменеджер, БАҚ саласының эксперті, PWC Academy байланыс бойынша тренері енді.
Бейне нұсқау
Сұрақ-жауап
Конкурсқа үкіметтік емес ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар да қатыса алады. Үміткер Қазақстан Республикасының азаматы болуға, медиа саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі және жоғары білімі болуға тиіс.
Медиа тренерлерге арналған гранттар келесі тақырыптар бойынша оқыту тренингтері мен курстарын өткізу мақсатында беріледі:
аналитикалық журналистика;
медиаэтика
ақпаратты толық зерттеу және сыни көзқараспен ұсыну
Гранттар журналистер мен блогердерді Қазақстан облыстарында (республикалық маңызы бар үш қаладан басқа) оқыту үшін беріледі. Грант алушы аймақты өзі таңдап, «Медиа дамыту қоры» КҚ мақұлдайды.
Өтінім берген кезде сіз бірнеше аймақ таңдай аласыз, бірақ грант алған жағдайда тек бір бағыт бойынша бір аймақта оқыту өткізе аласыз. Бір грант, бір бағыт, бір аймақ.
Оқыту тобын құру үшін ешқандай шектеу қойылмайды. Топ құрамын грант алушы өзі «Медиа дамыту қоры» КҚ келісімімен құрады.
Оқыту офлайн түрде өткізілуі тиіс, алайда тыңдаушылардың медиа өнімдерді дайындаған кезеңінде қашықтықтан кеңес беріп, қадағалауға болады.
Оқыту курсының нәтижесі тәжірибеге бағытталуы тиіс және курсты аяқтаған кезде қатысушылар жеке және топтық медиа өнімдерді (кез келген форматтағы және жанрдағы материалдар) ұсынады
Сіздің өтініміңізде курс туралы ақпарат, оның оқу жоспары мен негізделген бюджет болуы керек. Өтінімге өз түйіндемеңізді бекітіп жібересіз.
Иә, «Медиа дамыту қоры» КҚ келісімі бойынша басқа мамандарды шақыруға болады.
Оқу жоспары төрт критерий бойынша бағаланады: 1. Курстың нәтижесі оқу жоспарының бағыты мен міндетіне сәйкес болуы 2. Курстың мазмұнының өзектілігі және оның практикаға бағдарлануы 3. Курс туралы толық ақпарат, байланысу және қамтылуы 4. Бюджеттің шынайылығы мен негізділігі Үміткердің түйіндемесін бағалау кезінде оның білімі мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жұмыс тәжірибесі де ескеріледі.
Комиссия құрамында «Медиа дамыту қоры» КҚ мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз медиа мамандар кіреді.
Грант алушы қаражатты тек гранттық бағдарламаға қатысты шығындарға пайдалануға құқылы, атап айтқанда: - ғимаратты жалға алуға кететін шығындарды өтеуге; - гранттық бағдарламаға байланысты іссапар шығындарын өтеуге; - үлестірме материалды дайындауға; - менторлық қолдауға тартылған мамандардың сыйақысын өтеуге; - техникалық жабдықты жалға алуға.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде.
Нәтижелерді «Медиа дамыту қоры» КҚ мамандарынан білуге болады немесе сізбен байланысады.
«Медиа дамыту қоры» КҚ байланыс деректер: e-mail: grants.mdq@gmail.com, тел: +7 775 807 38 93 (WhatsApp, Telegram, қоңыраулар)